МТРА жаңалықтары

“СевКазЭнерго” 2009 жылды қорытындылады.

“Севказэнерго” 2009 жылды сәтті аяқтады. Кәсіпорын 800 миллион теңге көлемінде пайда тапты. Осы және тарифтен түскен қаржының негізгі бөлігі станциядағы жөндеу жұмыстарына бағытталыпты. Бұл сома миллиард теңгеден асып жығылады. Биыл да осы үрдіс жалғасын таппақ.

Виктор Бармин, “СевКазЭнерго” АҚ 2-ші ЖЭО директоры:
2010 жылы станциядағы қондырғыларды жаңартуға 1,5 миллиард теңге жұмсаймыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда жөндеуге бөлінген сома тағы жарты миллиард теңгеге өсе түсті.

Алайда осындай қомақты ақшаның өзі бар мәселені шешпейді. Есепті жиында қайта-қайта айтылған бір ғана мәселе болды. Ол – техниканың тозуы.

Тұтынушы:
– Сіздерде қондырғының тозуы 77 пайызға жетеді деп айтылады. Бұл өте көп. Ал шын мәнінде станциядағы жағдай қандай?

Виктор Бармин, “СевКазЭнерго” АҚ 2-ші ЖЭО директоры:
-Бізде бұрын бу құбырларының тозуы 100 пайыз болатын, әрине, бұл көрсеткіш азайып келеді. Мысалы, биыл біз 1-ші секциядағы бу құбырын ауыстыруға ғана 128 миллион теңге бөлмекшіміз.

Есепті жиында “жылылық” байқалды. Бұрын тұтынушылар қызмет көрсетушілерге негізінен шағымдарын үйіп-төгетін. Осы жолы алғыс көп айтылды. Кәсіпорындардың жұмысын реттейтін табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры Марат Мұстафин де осындай ойда. “Севказэнерго” өткен жылы өз мойнына алған барлық міндетті сәтті орындап шыққан.

Марат Мұстафин, облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бастығы:
нвестициялық бағдарламаны орындады. Бүгінгі есепті жиында шағым аз айтылды. Мен де кәсіпорын жаман жұмыс істеген жоқ деп ойлаймын.

Есепті жиында айтылған барлық талап-өтінішті кәсіпорын басшылығы биыл орындауға уәде етті.