МТРА жаңалықтары

Қала тұрғындарына саяжай учаскелері бөлінеді.

Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Тілеубай Есжанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бірқатар сауалдарына жауап берді. Баспасөз мәслихатында саяжайларды бөлу, көлік қоятын учаскелерді ұйымдастыру, кәсіпкерлік  үшін сатып алынған білім ошақтарына қарасты жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару туралы мәселелер көтерілді. 

 

 

 Өткен жылы бос жер учаскелерінде еңбек етемін деген халыққа 132 саяжай қоғамынан 2 мыңнан астам гектар жер қарастырылған болатын. Биыл да бұл игі іс өз жалғасын тапты.

Тілеубай Есжанов,  Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
 – Жер телімдерін иелену үшін азаматтар қала әкімі атына
өтініш  жазуы керек. Сондай-ақ жеке куәлігі мен салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін жер қатынастары бөліміне тапсырады. Сонымен қатар, бағбандыққа қажетті жердің сызбасы мен бау-бақша қоғамы төрағасының растаған құжаты керек.

Бақшашылықпен айналысу үшін 12 сотыққа дейін жер беріледі. Баспасөз мәслихатында сөз болған проблемалардың бірі – көлік қоятын жердің тапшылығы. Машина иелері темір тұлпарларын кез келген орынға қойып, осылайша жол жүру ережесін бұзуға мәжбүр болады. Оған қоса
бұл жаяу жүргіншілерге де кедергі келтіреді.

Тілеубай Есжанов, Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы:
 – Бұл проблеманы шешуді қала әкімі мықтап қолға алып отыр. Қазіргі таңда тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен автоинспекция жолдарды кеңейтіп, көлік қоюға арналған “қалталарды” молынан құруды баса назарға алды. Ал пәтер иелері кооперативтері тұрғындармен бірлесе отырып, аулаларда көлік қоятын жерлерді ұйымдастырмақ.

Қаламызда білім ошақтарына қарасты жер телімдерін сатып алып, өз ісін ұйымдастырып отырған азаматтар бар. Бұл учаск
елерді кім және қалай сатып алғаны әзірге белгісіз болғанымен, оларды мемлекеттің меншігіне сот арқылы қайтарамыз, дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы.