МТРА жаңалықтары

Ресей азаматтары да марапатталды

 

 

Ресей Президентінің жарлығымен ТМД аумағында тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етілуде. Солтүстік Қазақстан облысында Ресей елінің екі азаматы тұрады. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған кеуде белгілерін майдангерлерге Қазақстандағы РФ елшілігінің кеңесшісі Владимир Кузнецов табыс етті.  Владимир Сысолов пен Валентина Семенова соғыс басталғанда мектеп жасында ғана болған. Жеңіске жету үшін олар ересектермен қатар тылда аянбай еңбек етті. Майдандағы жауынгерлерге қолдарынан келгенше көмек көрсетті.

Валентина Семенова, тыл еңбеккері:
Соғыс кезінде майданға көмектестік. Сол қажырлы еңбегімізді бүгінде ұмытпай, жоғары бағалап жатыр. Міне тағы бір медаль қосылды. Қуаныштымын.

Владимир Сысолов, тыл еңбеккері:
-Жеңіс күні мен үшін ең үлкен мереке.
Оның оңай келмегені белгілі. Қаншама адамның өмірін қиды. Ауыртпалықтарды көрдік. Аш-жалаңаш жүрдік. Бірақ барлығын жеңіп, бүгінгі бақытты күнге жетіп отырмыз.