МТРА жаңалықтары

Құстарға арналған байқау

Қалалық классикалық гимназияның оқушысы Серік Бисембаевтің өз қолымен жасаған алғашқы туындысы екінші орынға лайық деп танылды.

Серік Бисембаев, қалалық классикалық гимназияның 3-сынып оқушысы:

-Маған мұны жасауға атам мен әкем көмектесті. Мен оны осында қалдырамын.

Көрмеге қойылған әр туындыдан балалардың құстарға деген қамқорлығын бірден байқауға болады. Суреттер, плакаттар, құстардың үйшіктері – бәрі асқан ұқыптылықпен орындалған. Жас қолөнершілер жасаған еңбектерді бір ай ішінде қаланың түгел дерлік мектептерінен 1300-ге жуық оқушы тамашалаған екен. 5 номинациядан тұрған сайыста үздіктерді анықтау оңай болмады. Себебі қазылар туындылардың әдемілігіне ғана емес, олардың құстар үшін жайлылығына да назар аударды. Құстарды қорғау айлығы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Биыл сайысты арнайы тендерді ұтып алған «Исмайлов» жеке кәсіпкерлігі ұйымдастырып отыр. Олардың ұсынысымен балалар жасаған туындылардың барлығы “Қызылжар оранжереясына” жайғастырылды.

Равиль Рязапов, “Қызылжар оранжереясы” МКК директоры:

-Биылғы жылы өткізіліп жатқан көрме де, оған қатысқан жұмыстар да ерекше. Бірін артық, бірін кем деп бөле алмайсың. Бәрі асқан шеберлікпен, үлкен махаббатпен жасалған дүниелер.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 45 оқушы ие болды. Олардың ішінде үздік жемсауыт номинациясында 1-орынды
9-орта мектептің оқушысы Ангелина Козяйчева мен Петропавл қалалық “Қолданбалы қолөнер” үйірмесі бөлісті. Ал ең үздік қараторғай үйшігін жасап, 1-орынды Айыртау ауданы Гусаков орта мектебінің оқушысы Саят Өтегенов пен Жамбыл ауданы Буденов орта мектебінің оқушысы Владислав Олегин жеңіп алды.