МТРА жаңалықтары

Қалалық әкімдікте де ардагерлерге құрмет көрсетілді

Кеудесі жарқыраған медальдарға толы соғыс және еңбек ардагері Қабын Мырзағұлов бүгін қарт майдангерлердің арасында. Бір кездері от кешкен ардагер 65- ші Жеңіс тойына аман-есен жеткеніне қуанышты.

Бізді ұмытпай, естеріне алғаны бізді қатты қуантады.

Осы күні облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 415 ардагері тұрады. Ал майдандағы бауырларына қолғабыс жасаған тыл еңбеккерлерінің саны 9254. Жеңіске үлес қосқан осы азаматтардың барлығына мамырдың біріне дейін мерейтойлық медаль тапсырылады. Әзірге қала әкімі 40 адамға медаль тапсырды.
Ардагерлерге көрсетілетін құрмет медальдармен шектелмейді.

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
– Сәуір айының 28-і 24 ардагер пәтерге ие болмақ. Ал қала кәсіпорындары мен ұйымдарының демеушілігімен 22 майдангердің пәтерінде жөндеу жұмыстары өткізіледі деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар жәрдемақы да осы аптада беріле бастайды.

Қабын Мырзағұлов, Ұлы Отан соғысының ардагері:
-Бәріне рақмет, Президентімізге, әкімімізге алғысым мол.