МТРА жаңалықтары

Кәмшат Сартаева болашағынан үміт күттіріп отыр.

 

 

Кәмшат Сартаеваның көркемсурет лицейінде қылқаламның қыр-сырын меңгеріп жүргеніне 4 жыл болған. Пейзаж, натюрморт, гобелен  композицияларымен  облыстық, қалалық деңгейдегі байқауларда көрініп жүрген бойжеткен биыл өз қабілетін Республика көлемінде сынады. “Зорлық-зомбылықсыз әлем –  балалар көзімен” халықаралық жобасы Кәмшаттың бейнелеу өнеріне жасаған алғашқы үлкен қадамы.

Кәмшат Сартаева, көркемсурет лицейінің оқушысы:
-Мен байқауға шеберлігімді шыңдап, жоғары оқу орнына түсу үшін қатыстым. Әрі басқа да қылқалам иелерінің еңбектерін бақылап, өзіме тәжірибе жинақтауды мақсат еттім.

Наурыз айының 13 – 21 күндері аралығындағы байқауда жас шеберлер үш деңгейлі сыннан өткен. Қиялдарына ерік берген жеткіншектер І турда “Есірткісіз әлем” тақырыбында сурет салды. Ал қорытынды кезеңде жас суретшілер Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай “Соғыссыз, бақытты балғын шақ” тақырыбында өнер таластырған.  

Кәмшат Сартаева, көркемсурет лицейінің оқушысы:
Талап бойынша суреттерде ою-өрнектің қамтылуы қатаң бақыланды. Мен өз жұмыстарымда акрил бояуын қолдандым. Себебі туындыны өрнектеуіме жеңіл.

Кәмшаттың ұстазы Надежда Майстренко шәкірті  алғанынан қайтпаса, танымал суретші болады дейді.

 

Надежда Майстренко, көркемсурет лицейінің оқытушысы:
-Кәмшат бейнелеу өнеріне қатысты барлық тәсілдерді біледі. Акварель бояуымен жақсы жұмыс істейді. Композицияларының эскиздері де әр түрлілігімен ерекше
ленеді.

  15 жасар бойжеткеннің алға қойған мақсаттары зор.  Талантын кәсіби деңгейде дамытқысы келетін Кәмшат 9 сыныпты тамәмдаған соң өнер колледжіне түсуді көздеп отыр.