МТРА жаңалықтары

Сәбит Мұқановтың мерейтойы қарсаңында.

Жазушының жиені Ермек Шәкенұлы атасының өзіне жазған хаттарын ала келіпті. Оның айтуынша, Сәбеңнің әр хаты бір мақалаға тұрарлықтай. Хаттарында жазушы алдағы уақытқа құрған жоспарларын, түйінді ойларын баяндайды екен.
2000 жылы қаламгердің 100 жылдық тойы Юнеско көлемінде аталып өткен болатын. Сол оқиғадан кейін біздің қаламыздағы іргелі оқу ордасы СҚМУ-да оқу бағдарламасына сәбиттану пәні енгізілді. Аталған пән бойынша студенттерге тәлім беріп жүрген оқытушы Жанар Сейілбекова бүгінгі кешке өзінің осы тақырыптағы зерттеулерін ала келіпті. Сәбеңді көргендердің бірі журналист Қошан Қали оның айтқан сөздері әлі күнге дейін жадымда дейді. Кешке жиналған қауымға өнер колледжінің студенттері ән айтып, өлең оқыды.