МТРА жаңалықтары

«Қауіпсіз жол» шарасы басталды.


 

 “Қауіпсіз жол ” операциясы аясында полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтауына баса назар аударады. Тәртіп сақшылары қоғам қауіпсіздігін нығайтуда Петропавлдағы таксопарктер  жетекшілерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.  Такси жүргізушілері әр түрлі құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың куәгері болып жатады. Олардың арқасында талай қылмыскерлер де ұсталды. Сондықтар тәртіп сақшылары такси жүргізушілерімен әріптестік қатынаста болуды қалайды.  Көптеген автокөлік иелері үй ауласын автотұраққа айналдырып, ақша шығармаудың оңтайлы жолын ойлап тапқан. Қараусыз қалған көлікті ұры да айналдырады. Осы орайда тәртіп сақшылары қала аумағында күні-түні жүретін такси жүргізушілерінің көмегі зор дейді. Таксопарк жетекшілері жол сақшыларының ұсынысын бір ауыздан қолдады.

Болат Рақымов, «Партнер – авто» ЖШС директоры:
Үстіміздегі жылы біз екінші рет кездесіп отырмыз. Менің ойымша бұндай қарым-қатынас   оң нәтижесін береді.  

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінен-ақ солтүстікқазақстандық полицейлер жол қозғалыс
ы ережесінің бұзылуына қатысты 295 фактіні анықтаған. Оның 45-і жылдамдық асырғандар , 34-і қауіпсіздік белбеуін тақпағандар. Ал 14-і автокөлікті мас күйінде жүргізген.