МТРА жаңалықтары

Полицейлер майдангердің үйіне барды.

Майдангер Зинаида Жукова деңсаулығының нашарлығына қарамастан басты мереке – Жеңіс күнін қарсы алуға дайындалуда. Ол өзіне қонаққа келген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мерекелік шеруге міндетті түрде қатысамын деді . Бүгінде сексеннің жетеуіне шыққан Зинаида Жукованың жүріп өткен жолы кейінгі ұрпаққа үлгі. Ол 4-ші Украин майданында жеке байланыс батальонының құрамында соғысты. Соғыстан кейін көп жылдар ведомстволық емес күзет қызметінде еңбек етті. Қан майданнан аман-есен елге оралған қарт жауынгерді аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамы да ұмытпай, өз қамқорына алған.

Лариса Манукова, ардагердің қызы:
Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бізге үлкен көмек көрсетіп тұрады, жыл сайын отын әкеледі, барлық мерекелерде келіп құттықтайды, әжемізге сыйлықтар әкеліп тұрады, бір жағдайлар болып, көмек сұрасақ , бірден келеді. Әсіресе 9 мамыр күні, 8 наурыз күні, Наурыз мерекесі күні олар әжемізге үлкен көңіл бөліп, сыйлықтар береді.

Осы жолы зейнеткер үйінің табалдырығын аттаған ІІД медициналық қызметінің бастығы Еркін Сералин, Шал ақын аудандық ІІБ бастығы Серік Шаинов, терапевт-дәрігер қолдарынан келетін көмектерін аямады. Дәрігерлер медициналық тексеріс өткізсе, өзгелері зейнеткердің тұрмыс жағдайымен танысты.