МТРА жаңалықтары

Өрт сөндірушілер арасындағы байқау.

 СҚО Төтенше жағдайлар департаменті “Мемлекеттік өрт  бақылау орталығының үздік маманы” байқауын жариялады. Жарысқа өртке қарсы қызметтің 17 офицері қатысып, өз мамандығы бойынша жылдар бойы жинаған тәжірибесін көрсетті. 

 

 2006 жылдан бері дәстүрге айналған байқау өртке қарсы қызмет орталығы мамандарының кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған. Теориялық білім мен тәжірибені қатар қажет ететін сайысқа қатысушылар Петропавл қаласы мен облысымыздың барлық аудандарынан келген. Бірінші айналымда тілсіз жаудың алдын алу қызметінің үздіктері тестік сыннан өтті. Келесі кезең бойынша мамандар “Основание” ЖШС ғимаратын жіті тексерістен өткізді. Өндіріс цехындағы дәнекерлеу жұмыстарын мұқият бақылаған қызметкерлер өрттің шығуына себеп болатын жағдайларды анықтап,  қорытынды   жасады. Қорытынды бойынша І орынды еншілеген құтқарушы Астана қаласында өтетін республикалық жарысқа жолдама алады.