МТРА жаңалықтары

Облыс полицейлері қарулы қарақшылар тобын ұстады.


 

Новоишим селосының тоғыз тұрғыны қылмыстық топ құрып,  ауқатты адамдардың үйлеріне қарақшылық шабуыл жасамақшы болады. Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері қылмыстық топты дер кезінде әшкереледі. Күдіктілердің үйлерінен екі шолақ мылтық, тапанша және оған арналған оқ-дәрі тәркіленіп,  бетперде табылды.

Күдікті:

-Біз ешкімді де өлтіруді ойластырған жоқпыз, жай ғана тонап кетпекші болдық.


Қазіргі кезде Новоишим селосының үш тұрғыны қамауға алынып, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Ал қарақшылар шабуыл жасамақ болған жеке кәсіпкер аман қалғанына шүкіршілік етіп отыр. Бұл факті бойынша ҚР ҚК екі бірдей бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ал ҚК 179- бабы«Қарақшылық шабуыл» бойынша іс қозғау мәселесі шешілу үстінде.