МТРА жаңалықтары

Колонияда дебат өтті.

 

 

Балалар колониясында жазасын өтеп отырған Никита Васильченко отбасындағы кикілжің мен маскүнем ата-ананың теріс қылықтарын көріп, жаны қиналып өсті.  Ол өзі үшін көкейкесті тақырыптың көтеріліп жатқанын көріп, дебаттан тыс қалғанды жөн санамаған. Никита өз қатарластарына отбасының  бала өмірінде алатын орны жайында айтпақ.

Никита Васильченко, ЕС 164/6 түзету мекемесінің тәрбиеленушісі:
-Біз алдымен арақтың отбасына тигізетін кесірі жайлы айтамыз. Маскүнемнің отбасында береке болмайды. Оны барлық адам біледі. Құлақ асқандары дебаттан көп тәлім алады деп сенемін.

Ал  Артем Галанов отбасының ролін нығайту үшін арнайы психолог мамандардан құралған агенттік ашу керек дейді. Оны жақтаушылар елімізде 13 мыңнан аса отбасының теріс қылықтарымен көзге түсіп, ішкі істер органдарында  есепте  тұрғандарын алға тартты. Олардың қатарын сирету үшін тәрбиеленушілер психологтардың көмегі керек екенін айтады.

 

Артем Галанов, ЕС 164/6 түзету мекемесінің тәрбиеленушісі:
-Статистикаға сүйенер болсақ, елімізде 4 мыңнан аса адам психолог мамандығын бітірген. Бірақ олардың 700-ге  жуығы ғана жұмыспен қамтылыпты. Сондықтан жұмыссыз отырғандарын агенттіккке орналастыру керек. Олар аптасына екі рет тұрмысы төмен отбасыларды тексеріп отырады. Балалармен арнайы жұмыстар жүргізеді.

Осылайша дебатқа қатысушылардан отбасының босағасын берік ету жайында түрлі ұсыныстар түсіп жатты.  


Татьяна Романенко, ЕС164/6 түзету мекемесінің психологы:
-Отбасы өмірде бірінші орында тұру керек,  дебат ойынына қатысушылар оны жақсы біледі. Олардың көбісі отбасы  жылуын көрмей өскендер. Сондықтан бүгінгі пікірталас алдымен қатысушыларды отбасылық бірлікке шақырса, екіншіден, тәрбие береді.
Олар өз ойларын еркін әрі әдеби тілде жеткізуге көмектеседі.


Бұл балалар колониясында өткізіліп отырған соңғы ойын емес. Алдағы уақытта осындай тақырыпта олар СҚМУ студенттерімен пікір таластыратын болады.