МТРА жаңалықтары

Колонияда арнайы жаттығу өтті.

 ЕС 164/3 түзету мекемесі көктемгі су тасқынына төтеп беруге әзір. Оған сәтті өткізілген арнайы “Тасқын” оқу-жаттығу жұмыстары дәлел.  Жаттығу  жұмыстарына сотталғандар да қатысты. 

 

 

  Есіл өзенінің тасыған суы ЕС 164/6 мекемесіне де жетті. Су басқан мекемені құтқаруда сотталушылар өздері жүр.

Құмар Тоқтыбаев,  СҚО қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бастығы:
-Қазір көрсетілетіні: 7-ші учаскеде су жүріп жатыр. Жеке құрам мен сотталғандар құм толтырылған қаптардан бөгет жасауға көшеді.Су одан асып кетсе, шамдар сөндіріледі.

Қолдан жасалған бөгетті бұзып өткен су жазасын өтеушілер тұратын жатаққа жетіп, ондағылар жылдам жоғарғы қабатқа көтерілді. Одан кейін  наубайханада сымдардың  тұйықталған жерінен өрт шықты. Бірақ бұл келеңсіздік те жойылды. Тасқыннан зардап шеккендерге  мекеме дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуде. Бір жақ шетте әскери лагерь құрылып, адамдарға тамақ беріліп жатты. Ал ең бастысы тасқын су мекемені түгел басқан сәтте сотталушылар арнайы техникамен қауіпсіз жерге көшірілді.

Бөкенбай Жүсіпов, СҚО қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бақылау және тәртіп бөлімінің бастығы:
-164/3 мекемесінде 1000-нан аса сотталушылар жазасын өтеуде. Су тасқыны кезінде оларды сыртқа шығаруға 5 техника жұмылдырылады. Барлығын қауіпсіз жерге көшіру үшін 5-6 сағат керек.


 
Андрей Бессонов, СҚО прокуратурасының прокуроры:
-Көктемгі су тасқыны кезінде қауіпті жерде орналасқан мекемелерде осындай оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш мекеме оған   дайын.

Ренат Симомбаев,Петропавл қалалық ТЖБ инженері:
-ЕС 164/3 мекемесіндегі арнайы оқу-жаттығу жұмыстарына біз қадағалаушы ретінде қатыстық. Ол ұйымдасқан түрде сәтті өтті.


Жаттығу сәтті аяқталды. Мекеменің су тасқынына дайындығын сарапшылар жақсы деп бағалады.