МТРА жаңалықтары

Диқандарға несие беріліп жатыр.

  “Азық- түлік келісім шарт” корпорациясы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін диқандарға несие беріп жатыр. Бүгінге дейін қаржылай көмек алуға 43 агроқұрылым ниет танытты.  

 

 

Қолда техника бар, тұқым дайын, ал оны себуге ақша жоқ. Бұндай жағдайға тап болған диқандарға “Азық- түлік келісім шарт корпорациясы” көмек қолын созуға дайын. Арзан несие-проблеманың шешімі. Пайыздық ставкасы бар болғаны 8 ғана. Осы күнге дейін корпорацияның облыстық өкілдігіне 43 өтініш түсті. Оның саны аз болғанымен, жалпы сомасы қомақты.


Есжан Оразалин, “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” АҚ СҚО өкілдігінің директоры:
-43 өтініштің жалпы сомасы 6,6 миллиард теңгені құрайды. Бүгінде оның 4,6 миллиард теңгесі төленді. Қалған соманы жақын күндері береміз.

Егіс науқаны уақтылы аяқталса, көмектің зая кетпегені. Мол өнім алынса, оны өткізуге де мемлекет көмек қолын созбақ. Биыл квота бойынша үкімет біздің облыстан 100 мың тонна бидай сатып алмақ. Алайда бұл аздық етеді.  


Есжан Оразалин, “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” АҚ СҚО өкілдігінің директоры:
– Корпорация 100 мың тонна бидай алуы тиіс. Бірақ мемлекетке өнімін өткізгісі келетін аграршылардың қатары қалың. Бізге серіктестіктер 185 мың тонна бидай сатуға ниет танытты. Осы бағытта қазір тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.

14 800 теңге. Бұл бидайдың бір тоннасына белгіленген баға. Сатып алу жұмысы осы жылдың желтоқсан айына дейін жалғаспақ.