МТРА жаңалықтары

Кітапханашылар Наурыз мейрамын бастап кетті.

  С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері наурыз мерекесіне арналған «Бақ-берекем, құт-мерекем  – Әз Наурыз» атты кеш өткізді. Мұндағы мақсат ел тәуелсіздігімен бірге өмірімізге енген Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамы жайлы өскелең ұрпаққа ақпара

т беру.

 

 Кешке студенттер, кітапхана қызметкерлері, оқушылар, зиялы қауым өкілдері жиналды.  Өскелең ұрпақ үшін еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап бүкілхалықтық мереке ретінде тойланып келе жатқан бұл күннің маңызы зор. Күлән Рамазанова «Балқадиша» ансамблінің мүшесі. Ақ жаулықты әже жастарды көнеден келе жатқан аластау рәсімімен таныстырды.

Күлән Рамазанова, «Балқадиша» әжелер ансамблінің мүшесі:
 Халықтың әдет-ғұрпы көп. Соның бірі  – аластау . Ол ежелден келе жатқан дәстүр. Наурызда үй аласталып, тазартылуы керек.

Өнер колледжінің студенті Бибіжамал Ырысмамбет «Арқаның әнін» орындап,
жиналған қауымды дәстүрлі өнер әлеміне жетеледі. Ол Қызылорда өңірінің тумасы. Кездесуге Қызылжар тұрғындарының төл мерекені қалай қарсы алатындарын білу үшін келдім дейді.  

 

Дәулет Абраев, қалалық классикалық гимназия оқушысы:
Мен осы кездесуде көп мағлұмат алдым. Ағаларымыздың айтуынша бұл көне мереке. Бұл мереке басқа елдерде де тойланады.


Махаббат Сәкенова
, қалалық классикалық гимназия   оқушысы:
Бұндай дөңгелек үстелдер жиі өткізілуі керек. Оның пайдасы зор.


Жеткіншектер  көне мейрамның басты тағамы – Наурыз көженің жасалуы туралы да қызыға тыңдады.