МТРА жаңалықтары

Облыстың оқу ошақтарында “Нашақорлыққа жол жоқ” атты акция басталды.

Өткен жылы облыста есірткі саудасы 2,7 пайызға өскен. Есірткінің ең қымбат түріне жататын героинды сатуды күнкөріс көзіне айналдырғандардың да қатары қалыңдапты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәмелеттік жасқа толмағандар арасында есірткіге жақындар санының өскенін айтып дабыл қағып отыр. Өңірде ақ жолдан тайған жеткіншектердің саны биыл 77-ге жеткен. Осы орайда облыстық прокуратура жастар арасында ғасыр дертінің алдын алуға бағытталған акция өткізуде.


Гүлнәз Шәріпова
, СҚО прокурорының аға көмекшісі:
Осы акция бойынша көптеген мәселелерді қолға алып отырмыз. Түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Нарколог мамандармен де бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз.


Соңғы үш айда есірткі
ге байланысты 110 қылмыс тіркелген. Полиция қызметкерлері нашақорлардың орташа жасы 17де дейді. Акция аясында облыстық наркология мамандары жеткіншектерге есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны туралы әңгімелеп, осы тақырыпта фильм көрсетілді.

Меруерт Амангелдиева
, Петропавл құрылыс экономикалық колледжінің студенті:
Нашақорлыққа жеке басым қарсы. Дөңгелек үстелдер өткізіліп отырса, есірткі қолданушылар кемиді деп ойлаймын.


Ильфат Губайдулин
, Петропавл құрылыс экономикалық колледжінің студенті:
Қазақстанның болашағы есірткісіз жастардың қолында. Дамыған елдердің қатарынан көріну үшін жас мамандар қабілетті, білімді болуы керек.


Есірткінің алдын алу акциясы аясында түрлі байқаулар
, шағын футболдан жарыс өтеді. Шара наурыздың 19-на дейін жалғасады.