МТРА жаңалықтары

«Мигрант» шарасы өтуде.

 

 

«Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары сырттан келген азаматтар жұмыс күші ретінде көптеп тартылатын теміржол, автовокзал мен кәсіпорындарды қатаң қадағалауда. Кешенді шара барысында  қалалық қатты және тұрмыстық қалдықтар полигонында Қазақстанға заңсыз келген Өзбек елінің азаматтары ұсталды. Шетелдіктер пластмасса, шыны  ыдыстар мен полиэтелен пакет жинаумен айналысқан. Килограмын 7 теңгеден өткіземіз дейді олар.
Гаст
арбайтерлер заңды бұзып жүргенімізді білмедік деп ақталуда. Алайда олар жауапкершіліктен босатылмайды. Заң бұзушылардың үстінен әкімшілік материал жинақталып, сотқа жіберілді.  Облысымыз  тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан полиция қызметкерлері көктем, жаз айларында көші-қон бақылауын күшейтеді. Осы орайда республикаға келушілердің заңсыз әрекеттерін анықтауға бағытталған кешенді шаралар жиі өткізілетін болады.