МТРА жаңалықтары

Жылы киімдер мен азық-түлік тиелген үш көлік Петропавлдан Талдықорғанға жол тартады.


бақтауға болмайтын мәселе. Кешкі жедел жиынды ашқан


Серік Біләлов, СҚО әкімі ,”Нұр Отан” ХДП СҚО филиалының төрағасы:
Бір тіркемелі КАМАЗ-ды жылы киімге толтыру қажет. Екіншісіне бүлінбейтін азық-түлік , ұн, макарон, өсімдік майы сияқты өнімдер тиелсін. Кешіктірмей зардап шеккендерге аттандырамыз.

Талдықорғанға дейін жол ұзақ. Сондықтан көліктер Петропавлдан сәрсенбі таңертең шығуы тиіс. Нұротандықтардың машиналарды қажетті заттармен толтыруы үшін бір тәулік қана уақыттары бар.

Виктор Молодовский, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ төрағасының орынбасары:
Біз бірінші кезекте қажетті заттар мен төсек жабдықтарын, киім кешек, азық -түлік жинау мақсатында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігі 5 тонна жылы киім дайындап қойды.

Партияның аудандық филиалдары да бұл жұмысты белсенді жүргізіп жатыр. Жиналыс кезінде екі көлікке тағы бір жүк машинасы қосылды. Тимирязев ауданындағы “Каинат” ЖШС жетекшісі Иса Аллахияров бір КАМАЗ ұн жөнелтуге дайын екендігін хабарлады. Солтүстікқазақстандықтардың көмегі оңтүстіктегі табиғат апатынан зардап шегушілерге екі тәуліктен соң жетеді. Жүкті нұротандықтар өздері тапсырмақ.
Облыстан жөнелтілген жәрдем көліктерін талдықорғандық партия мүшелері қарсы алады. Серік Біләлов Алматы облысының Қызылағаш ауылында баспана мен мал-жаннан айырылған отандастарға көмек көрсету үшін облыс тұрғындарын бір күндік жалақыларын арнайы есепшотқа аударуға шақырды.