МТРА жаңалықтары

Төтенше оқиғалардың алдын алу мақсатындағы рейд.

 

 

 
Петропавл қаласының тұрғыны Владимир Журавленко  департамент қызметкерлері келгенде пеші дұрыс қаланбаған үйін резеңке жағып, жылынып отыр екен.  


Владимир Журавленко,  Петропавл қаласының тұрғыны:
 – Бұрын отын мен көмір жеткілікті болатын. Ал биыл аяздың кесірінен  тез таусылып қалды. Сондықтан кез-келген жанатын затты пешке жағамын.  

Зейнеткер жақын арада отын сатып аламын деп уәде берді. Ал Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түтінге уланып қалмау үшін пештің жапқышын жаппауды ескертті.  

Асқат Беріков, ТЖД аға инженері:
-Көбіне өрт тұрғындардың отты абайсыз қолданғандығынан шығады. Тағы бір негізгі себептердің бірі электрқондырғыларды пайдаланудағы техникалық және қауіпсіздің ережелерінің сақталмауы.

Өткен жылы өрт салдарынан қаламызда 18 адам қаза тапты. Оның ішінде бесеуі электр желілерінің жарамсыздығынан көз жұмды. Жыл басынан бері Петропавлда 22 млн. теңгеге материалдық шығын келтірген 72 өрт оқиғасы тіркелді. Ал тілсіз жаумен күресушілер ажал аузынан 29 адамды құтқарып, 52 млн. теңгенің материалдық құндылығын аман алып қалды.