МТРА жаңалықтары

Жас хоккейшілер жарысқа шықты.

Ойын басталысымен петропавлдық «Авангард» командасы алдына жан салмады. Хоккейдің қыр-сырын жетік меңгерген жастардың бойынан жеңіске деген құлшыныс лебі айқын сезілді. Құрама мүшелері алғашқы минуттан-ақ суырылып алға шықты . Түмендік “Спарта” хоккейшілері шайбаны қақпаға өткізіп, қапы қалды. Түмендіктер бірінші айналымның соңында ғана етек- жеңдерін жиып, таразы басын теңестірді. Есеп 1:1 Хоккейшілер мұз айдынында қызу ойын көрсетті. Уақыт азайған сайын жанкүйерлер де демдерін іштеріне тартып, жарысты тапжылмай бақылады.

Михаил Дугарь, СҚО білім басқармасының дене тәрбиесі және АӘД орталығы директорының орынбасары:
-Жарыста Ресейден келген қонақтар бар. Олардың командасы өте мықты. Дегенмен біздің құрамамыздың мүшелері де намыстарын қолдан бермейді деген үміттемін. Ойынның деңгейі жоғары.


Әділ Бекетаев – “Авангард” командасының орталық шабуылшысы. Үзіліске шыққан ойыншы қарсыласты бағаламауға болмайды дейді. Жергілікті ойыншылар жанкүйерлерінің қолдауын айқын сезінгендіктен, барынша жандарын салып ойнады. Орал Бекетаев жарыс алаңына немересіне демеу болуға келген. Қария “Авангард” командасының ойынын 5 жыл қатарымен бақылап келеді екен. Жарыстың аяқталуына санаулы минут қалды, есеп 4:2. Ресейліктер есепті өзгертуге тырысып бағуда. Алайда қызылжарлықтар жеңіс тізгінін мықтап ұстаған, босатар емес. “Авангардтың” хоккейшілері қарсыластарының қақпасына соңғы шайбасын кіргізіп, ойынды өз пайдасына шешті.

Әділ Бекетаев, “Авангард” командасының ойыншысы, Петропавл қаласы:
Бізге бүгін өте қиын болды, бірақ Ресей командасын жеңдік.