МТРА жаңалықтары

Қала көшелеріндегі суағарлар тазартылып жатыр.

 

 Біздің қалада Заречный кенті жыл сайын су астында қалады. Жұмысшы кенті, Копай және Ойқаланың тұрғындары да көктем кезінде суға малшынбай қоймайды. Қалың қардың қала аумағынан шығарылмауы өз алдына бөлек әңгіме. Ағын су жүйесінің бітеліп қалуы көктемде апаттық жағдайға әкелмей қоймайды. Павлов көшесінде осы жәйт жыл сайын қайталанатын. Былтыр “Жол картасының” аясында жаңа суағар орнатылып, осылайша Ойқалада бұл проблема шешімін тапты. Енді ағын су жүйесін көктемгі су тасқынына дайындаса болғаны. Бұл міндет коммуналдық қызметтің мойнында.


Амангелді Бірімжанов, “СУ 808” ЖШС шебері:
– Көктемгі су тасқынына қарсы жұмысқа «СУ-808» де кірісті. Біз өзіміздің 10 техникамызды шығардық. Қазір Ойқала ауданындамыз, бір-екі күнде аяқтаймыз.

 Ойқалада бұл жұмыс бүгін басталды. Жұмысшылар Потанин көшесін қардан арылтуға қызу кірісті. Түс ауа бұл жұмыстың жартысы орындалды.


Виталий Мурзин, “Су тазарту, ағызу  құрылымдары ” мекемесінің бөлім бастығы:
-Бізге Ойқала ауданында 5-6 шақырымға жуық суағарларды тазалап шығуымыз қажет. Біз бұл жұмысты Перминов пен Әуезов көшелері, Косогор ауданында аяқтадық. Жабық суағарларды да қазір тексеріп жатырмыз.


Қаланың ойы қардан арылған соң бригада Жұмысшы кенті мен Копай ауданына бет алмақ