МТРА жаңалықтары

Ардагерлер әскери әндер шырқауда.

ҰОС ардагерлерінің ансамблін 24-ші орта мектеп ұжымы жиі шақырады. «Лейся, песня» вокалдық тобы әскери әндерге көп көңіл бөледі. Десек те, ансамбль мүшелері лириканы да назардан тыс қалдырмайды. Сахнаға шыққандарына 16 жыл болған әншілердің репертуарлық қорында 60-тан астам ән бар.

Алексей Погребцов
, «Лейся, песня» ардагерлер ансамблінің мүшесі:
Біз білім ошақтарын жиі аралаймыз. Жоспарымыз бойынша биыл 7 концерт өткіземіз. Мына кеш есеп бойынша үшінші. 9 мамырға дайындап қойған бағдарламамыз да бар.

Әскери сарындағы туындыларды орындаған ардагерлер ансамблін жастар ұйып тыңдады. Барлығы сол бір соғыс жылдарына сапар шегіп, бейбітшіліктің оңай жолмен келмегенін сезінді.

Бақыт Жүзенова, тәрбие ісінің меңгерушісі:
Оқушыларға ұнағандықтан ансамбльді екінші рет шақырып отырмыз. Осы әндерді айту арқылы жастар сол оқиғаны жүрегімен сезіп, оның мәні мен маңызын түсінеді деп ойлаймыз.

Отан үшін от кешкен батырларды халық білуге тиіс. Осы мақсатта оқуш
ылар арасында түрлі шаралар өтіп тұрады. 5 11-ші сынып жеткіншектері майдан тақырыбында жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқудан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 10 сынып оқушылары үздік деп танылды.

Виктор Шигабутдинов, №24 орта мектеп оқушысы:
ҰОС біздің тарихымыз. Ансамбльдің әндері арқылы сол кезді жүрегімізбен сезіндік, жеңістің оңайлықпен келмегенін түсіндік.