МТРА жаңалықтары

Ата-ана баласына жақын ба?

Дөңгелек үстелге жиналғандар балалар мен ересектер арасындағы қарым-қатынас мәселесінің өзектілігін айтуда. Елімізде 18,5 мың бала полицияда тіркеуде тұр. Ата-ана назарынан тыс қалған бала теріс қылықтарға әуес болады. Өткен жылы 202 жеткіншек өздеріне қол салған. Осы аптада ғана облыста екі бала өмірмен қоштасты. Бүгінде ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық басталды. Мектеп оқушыларына осындай кезеңде психологиялық қолдау көрсету қажет.

Орал Сеңкібаева, балалар құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:

Осындай кездерде балаларға қолдау өте керек. Алдын алу жұмыстарын жүргізу керек.

Сәлімхан Сәбитов биыл мектеп бітіреді. Ол әрқашан ересектердің пікіріне құлақ салып жүреді. Ата-ананың ақылы маған ауадай қажет дейді жеткіншек.

Сәлімхан Сәбитов, № 10 мектеп оқушысы:

– Ең бастысы балаға ата-ананың көңілі керек. Менің ата-анам мектептен келгенде жағдайымды сұрап тұрады.


Баласының көйлегін көк, тамағын тоқ қылумен тәрбие мәселесі шешілді деп есептейтін ата-ана мен бала арасындағы байланыс біртіндеп азаяды. Оның ақыры түрлі қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Дөңгелек үстел басына жиналғандар ересектер назарын осы мәселеге аудару керектігін айтты.