МТРА жаңалықтары

Ольга Пилипенко – ауыр қылмыстарды тергеу тобының жетекшісі.

Облыстық ішкі істер департаментіндегі аса ауыр қылмыстарды ашу қызметі әйел адамға жүктелген. Арнайы тергеу-іздестіру тобының жетекшісі Ольга Пилипенко бұл міндетті ойдағыдай атқарып келеді. Мереке күндері де полиция подполковнигі аса ауыр қылмысқа күдіктілерді іздестірумен айналысуда. 

 

 

 Жедел – тергеу тобы жайғасқан кабинет бос. Барлық қызметкерлер. Екі адамның өлімімен аяқталған қанды оқиғаны зерттеп, тергеу , іздестіру жұмыстарын жүргізу  үшін Булаевқа кеткен. Ал подполковник Пилипенко операцияны осында басқаруда.

Ольга Пилипенко, СҚО ІІД тергеу басқармасының бөлім бастығы :
Қарамағымда төрт адам, жүргізушіміз бар.

Әзірге Ольга Пилипенко Булаевтағы оқиғаға қатысты айғақ
заттарды қарастырып, өз болжамдарын жасауда.

Ольга Пилипенко, СҚО ІІД тергеу басқармасының бөлім бастығы :
– Біздің жұмысымызда ұсақ -түйек деген болмайды. Мына заттардың барлығы оқиға орнынан әкелінген. Қолдың іздері, түрлі белгілер салынған пакеттердің істі тергеуде рөлі зор. Бұл заттардың қылмыскерді ұстауда көмегі тиеді.

 Бұл үйреншікті жұмыс. Топтың еншісіне ең күрделі істер тиеді. Осындағы  бейнетаспалардан Ольга бастаған команда зерттеген талай атышулы істерді көруге болады. Ұйымдасқан жұмыс, ұзақ жылғы тәжірибенің арқасында талай істер ашылып, қылмыскерлер жазаларын алуда. Барлық жедел түсірілімдер полицейлердің баспасөз қызметінде сақталады.  Ескі кадрларға көз тіккен подполковник Пилипенко мұндай қылмыс орындарына қанша рет шыққанын айта алмады. Бірақ есіне бірінші тергеген ісі түсті.

Ольга Пилипенко, СҚО ІІД тергеу басқармасының бөлім бастығы :
-Ол істі мен өзім аяқтадым. Үш адам сотталды. Біраз уақыт іздедік. Қашып, жасырынды. Бірақ  ақыры қолға түсті.

Алғашқы істі сәтті аяқтаған Ольга Пилипенко жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінде қызмет ете бастады. Бүгінде облыстық ішкі істер департаментіндегі бұл бөлімді Ольга Пилипенкосыз елестету қиын дейді әріптестері. Ал Ольга  жұмысты мынау – әйелдікі, мынау – ер адамдікі деп бөлгенді жаны сүймейді.