МТРА жаңалықтары

Көрме өткен ғасыр әйелдерінің өміріне арналған.

 Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Ескінің жарқын белгісі» көрмесін ұйымдастырды. Жұртшылық көрмеден 19-шы  ғасырдағы түрлі ұлттар әйелдерінің тұрмысымен таныса алады. 

 

 

 

Көрмеден  19-шы ғасырдағы қазақ әйелінің киімдерін, әшекейлерін көріп, осыдан 100 жыл бұрын қазақ сахарасында өмір сүрген қыз-келіншектердің тұрмыс – тіршілігін көзге елестетуге  болады. Көрмеге қазақ әйелдері алуан түрлі алашалар мен төркөрпелер тоқыған құралдар да қойылған.


Мейрамгүл Әбуова,мұражай қызметкері:
-Ертеде әжелеріміз тоқыма станогымен текеметтер, түс киіздер тоқыған. Сол кезде қолөнер керемет дамыған. Біраз заттарды сатып алуға мүмкіндіктері болмағандықтан, көрпелерді қолдан тоқыған.

Көрмеге 19-шы  ғасырдағы орыс көпестерінің тұрмыстық  бүйымдары мен жиһаздары да қойылған,  мұндағы көне жәдігерлердің бәрі кезінде күнделікті тұрмыста қолданылған. Айна, моншақтар, самауырын, тігін станогы –  барлығы көрген адамға ерекше әсер қалдырады.

Мейрамгүл Абуова, мұражай қызметкері:
-Бұл мұражай қорынан алынған заттар. Қордың құнды, бағалы жәдігерлері. 19-шы ғасырдағы түрлі ұлт пен тап өкілдерінің тұрмысын көрсететін заттар.

Ұйымдастырушылардың алдағы жоспарында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар бар. Сондай-ақ мұражайдағы жәдігерлер пайдаланылып, арнайы спектакль де қойылмақшы.