МТРА жаңалықтары

Жерлестеріміз білім бәйгесінде озды.

Оқушылар арасындағы ғылыми жобалар байқауына 11 мыңнан астам қазақстандық шәкірт өз зерттеулерін ұсынды.  Қалалық, облыстық кезеңдерде жоғары бағаланған 300-ден астам еңбек республикалық кезеңге жетті. Білім сайысында өңір намысын республика деңгейінде 21 жерлесіміз қорғады. Тарих бөлімінде Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицейдің 11-ші сынып оқушылары Меруерт Мырзажанова мен Аязби Қасымов   қазақ халқының ұлттық дамуы жөнінде өз зерттеулерін ұсынып 1-ші дәрежелі медальмен марапатталды.

Меруерт Мырзажанова,  М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицей оқушысы:
– Біз таңдаған тақырып бойынша қазақ тілінде әдебиеттер болмады, сондықтан біз орыс тілінде жаздық. Біз өз жұмысымызға қазақша-орысша сөздік енгіздік.

 

Биыл мектепті аяқтағалы отырған жас зерттеушілер тарих беттеріне үңілумен ғана шектелмей,  еңбектерінде аяғын нық басқан еліміздің бүгінгі өмірі жайындағы ойларымен бөлісті.

Аязби Қасымов, М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы мектеп-лицей оқушысы:
– Қазіргі кезде бұл тақырып Қазақстан ғана емес, басқа елдер үшін де өзекті. Әр ел өзінің даму стратегиясын көрсетуі керек.
 

10 жылдық тарихы бар байқаудан өңіріміздің белсенді оқушылары қос-қостан алтын, күміс, қола алқа еншілеп қайтты.  

 

Айтбибі Өркешова, СҚО педагог кадорлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директорының орынбасары:
 – Ғылыми жобалар балалардың келешегі үшін маңызды, таңдаған мамандығына оқуға түсуге көмектеседі.


Республикалық байқауда жүлдегер атанған 6 жерлесіміз Әл-Фараби атындағы Ұлттық университте  тегін білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді.