МТРА жаңалықтары

Ұры тоғыз айдан кейін табылды.

Құны 450 мың теңге екі құндыз ішіктің жоғалғанын облыс орталығының тұрғыны бірден аңғармапты. Қараша айында қымбат киімдерін қысқа әзірлеп қоймақ болған әйел олардың   шкафта жоқ екенін көреді. Құлып бұзылмаған. Бұл қымбат  дүниелерді жақын адамның жымқырғанын көрсетсе керек. Аталған іс бойынша бірнеше ай тергеу амалдары жүргізілген. Алайда еш нәтиже шықпаған. Ал жақында Астана қаласында жәбірленушінің  бір туысы қылмыс үстінде қолға түскен. Ұсталған азаматша тергеу барысында ұрлыққа қатысы бар екенін мойындаған. Сол кезде ол немере апасының үйінде қонақта жатыпты. Бір күні пәтерде жалғыз өзі қалады. Алтын көрсе періште жолдан таяды дегендей, қымбат киімдерді көрген күдікті оларды үй ауласына жасырып қояды да, таңертең алып кетеді. Айыпталушы бұл ісінің себебін ақша керек болды деп оңай түсіндіріп отыр.  Ұрлап алған ішіктерді күдікті дүкенге  төрт жарым есе арзанға – бар болғаны 100 мың теңгеге өткізіп жіберген. Тапқан пайданы қажетіне жаратып та қойыпты.

Марат Күшікбаев, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы 1-ші  полиция бөлімінің тергеушісі:
– 2 тонды сатып алған ер адам мен куәгерлер күдіктіні таныды.

Қылмыстың тоғыз ай бұрын жасалғанына қарамастан полицейлер ішіктердің бірін тәркіледі. Ал екіншісін сатып алған адамды тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Жыл басынан облыста 192 рет пәтерге түсу  оқиғасы тіркеліп,

129-ы  ашылған.