МТРА жаңалықтары

Ақпараттық-насихат тобы статистика мамандарымен кездесті.


 

Статистика департаментінің мамандары Президент қойған міндеттерді орындауда көп іс тындырды. Өткен жылы үлкен науқан халық санағын жүргізді. Жақында оның қорытындысы жарияланады.


Бақыт Ахмеджанова
, СҚО статистика департаментінің жетекші маманы:

-Осы Жолдаудағы барлық шаралар бізге қатысты деп ойлаймыз. Себебі, санау, санақ бізден шығады. Осы міндет деңгейінен көріну үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Қалалық ақпараттық-насихат тобының құрамында ардагерлер, дәрігерлер, мұғалімдер
  бар. Барлығы өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.

 Людмила Соловьева, № 7 орта мектептің директоры:

-Елбасы сапалы білім беру бәсекеге қабілеттіліктің, қоғамның тұрақтылығының көрсеткіші екендігін айтты. Бүгінгі мектептердегі болып жатқан өзгерістер осының айғағындай. Лингафондық, мультимедиалық кабинеттер,  жаңа оқу құралдары, жаңартылған физика, биология сыныптары осыны көрсетеді.