МТРА жаңалықтары

Наталья Геращенко – Есіл өңірінің жұлдызы

1995 жылдан бері Қызылжар өңірінде “Есіл жұлдыздары” байқауын өткізу игі дәстүрге айналған. Ұйымдастырушылар халық арасынан жас таланттарды іздеп табу мақсатында өткізілетін байқаудың деңгейі өсті дейді. Қатысам деушілердің саны да артып келе жатқанын айтады. Бұл жолы да Есіл жұлдызы болам деген жас таланттар сахна төрін еркін билеп, әншілік қабілеттерін барынша танытуға күш салды.
Осы жолы өңіріміздің әр ауданынан бағын сынауға келген 108 жас әншінің 50-і байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды.

Руслан Ахметов, байқауға қатысушы:
-Мен “Есіл жұлдыздары” байқауына алғаш рет қатысып отырмын. “Цап-царап” әнін дайындап әкелдім. Жүлделі орын алуға үмітім зор.

Қазылар алқасы сайыскерлердің өнерін бағалағанда бірінші кезекте олардың ән орындау шеберлігіне, әртістік қабілетіне, сахна мәдениеті мен киіміне ерекше мән берді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені “Жас дарын” өнер мектебінің тәрбиеленушісі Наталья Геращенко жеңіп алды.