МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Петропавлдағы емдеу және білім беру мекемелерін мекемелерін аралады.

 

 

Серік Біләлов алдымен медициналық ақпараттық- талдау орталығына бас сұқты.Бұл мекеме бүкіл облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін бақылайды. Ақпарат күн сайын жаңарады.  Кез-келген ауруханада емделуге болады деген жаңалықты  естіген халық өзге облыстарға ағылған жоқ. Науқастардың 84 пайызы өзімізде қалды. Астана қаласына бар болғаны – 100, ал Көкшетауда емделуге 200 адам өтініш білдірді. Орталықта еліміздің емдеу орындарымен де байланыс бар. Бұдан кейін өңір басшысы 1-ші қалалық ауруханаға барды. “Сердечная” – әлеуметтік дәріхана, мұндағы дәрінің бағасы қалта қақпайтындай болуы тиіс. Бірінші басшы препараттың құны ғана емес, оның шыққан жеріне де назар аударды. Отандық өнімді қолдайтын кез келді. Дәрі тасымалдаушылар мұнымен толық келісті.  Облыстық балалар ауруханасында аймақ басшысы науқастармен тілдесіп, олардың мұң-мұқтажын білуге тырысты.  Облыстық ауруханада бүгінде күрделі жөндеу басталып кетті. “Жол картасының” аясында гематология және офтальмология бөлімшелері жөнделмек. Бұл мақсатқа 153 миллион теңге жұмсалады. Құрылысшылар бар жұмысты үш айдың ішінде аяқтаймыз десті.
  

Осы күні мектепке дейінгі білім беретін мекемелерді аралаған облыс әкімі кәсіпкерлерге қосымша топтар ашуды ұсынды. Жеке меншік бөбекжайлардың басшылары бұл ұсынысты қабыл алды.

 

“Чайка”- жеке меншік бөбекжай- бақша. Алайда мұнда бюджет қаржысына 4 топ ашылып, 120 бала тәлім-тәрбие алуда. Мекеменің басшысы Раиса Борисова тағы да  балдырғандар қабылдай аламыз дейді. Аймақ басшысы білім бөлімінің бастығы Гүлжан Алтынбековаға тағы екі топ қосуды тапсырды. Мұндай топтағы баланың ата-анасы айына өз қалтасынан 16 мың теңге төлемек.  Ал қалғандарына оның сомасы тағы екі мыңға қымбат. Ал “Искорка” мектепке дейінгі оқу тәрбие орталығында айлық төлемақы сәл арзандау. Бірақ, мұнда бала саны толық. Орталықта 150 бүлдіршін бар. Сауат ашу, музыка, дене тәрбиесі пәні сабақ кестесіне еніпті.
Ал “Василек” балақбашасында бүгінде 50 орын бос тұр. Оның басшысы Людмила Куницына бізге мемлекеттің қолдауы аса қажет дейді. Енді жеке меншік мекемеде бюджет қаржысына 50 бала тәрбиеленетін болады.   “Жас дарын” мектебі 230 жасөспірімді еңбек, музыка, спортқа баулуда. Келгісі келетіндер аз емес. Оған қоса, бұнда аулалық клуб, шағын орталық орналасқан. Сондықтан білім шаңырағына кең, сәулетті ғимарат керек. Облыс әкімі бұл проблеманы жұмыс жоспарына енгізді. Өңір басшысы Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернатқа да соғып, оқу үрдісімен танысты.