МТРА жаңалықтары

Қақпақ ұрлап қолға түсті.

Түнгі кезекшілікке шыққан 2-ші  полиция бөлімінің қызметкерлері Вячеслав есімді қала тұрғынын ақпанның жиырма үшіне қараған түні қолға түсіріпті. Тұрақты мекен-жайы жоқ ол люктің қақпағын ұрлап, металл қабылдау орнына тапсыруға бара жатқан жерінен ұсталған. Еш жерде жұмыс істемейтін күдікті бұндай қылмысқа алғаш рет барып отырғанын айтады. Біраө өз кінәсін толық мойындамай, металды жолдан кездейсоқ тауып алдым деп ақталуда. Кейін анықталғанындай, күдікті бұл түні бір қақпақты сәтті тапсырып үлгерген екен.

Дулат Мұхамеджанов, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының 2-ші полиция бөлімі бастығының орынбасары:
-Бүгінде оның бұл қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр. Және оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталу үстінде.

Полицейлер бұндай қақпақтарды металл қабылдау орындарына жеті мың теңгеден өткізуге болатынын айтады. Ал облыс орталығында мұндай 54 кәсіпорын бар. Оның он алтысының тиісті құжаттары жоқ. Заң бойынша металл қабылдаушы орындар тұрмыстық немесе тұлғаның жеке меншігіндегі металды ғана қабылдауы тиіс. Алайда оңай олжа іздегендер ұрланған дүниелерді сатып алудан да тайынбайды.
Вячеслав сол түні ұрлаған қақпағын тапсырған кәсіпорын иелері бұл жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Бұл – жыл басынан бері кәріздік люктердің қақпағын ұрлауға қатысты тіркелген үшінші факті. Соның салдарынан “Петропавл су” кәсіпорнына   45 мың теңгеден астам шығын келген.