МТРА жаңалықтары

“Жалында, жас өркен” тақырыбымен өткен қалалық ақындар байқауы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналды. Оған 18 бен 29 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты.

Аян Садаев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
-Негізі барлығының деңгейі жақсы. Басты мақсатымыз – қала ішіндегі талантты жас ақындарды үлкен деңгейге шығару. Республика көлемінде асқақтату.

 Сайыскерлер арасында болашақ мамандығын тіл саласымен байланыстырғандар да бар. Журналист болуды мақсат тұтқан Асылбек Амандықұлы тіл өнері байқауы жиі өткізілсе құба-құп дейді.  Қанатты сөзді қазынам, өнегелі өрісім деп таныған тағы бір жерлесіміз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Райгүл Сердалина. Ұлағатты ұстаз тәлімгерлікпен қатар ақындықты серік еткелі Абай, Мағжан, Махамбет облыстық оқуларының жүлдегері атанып үлгерген.

Райгүл Сердалина, №40 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы:
-Мұқағали өлеңдері балалық шағымнан ұнайды. Бүгінгі жарысқа мықты деген айтыскерлер жиналған. Мен қуаныштымын. Біздің қалада дарынды ақындар бар екен.

Өнерлі жастардың оқыған өлеңдері тыңдармандардың делебесін қоздырып, ынтықтыра қол соққызды.

Айнұр Темірова, СҚМУ студенті:
-Іс-шара ұнады. Себебі бұл жастардың патриоттығын, елге деген сүйіспеншілігін танытты. Олар өз өлеңдерін оқу арқылы басқаларға үлгі болды.
 
Байқау қорытындысы бойынша Руслан Құсайынов жүзден жүйрік атанды. Екінші, үшінші орындарды Набат Қайынбекова мен Жанат Мұхамеджанов бөлісті.