МТРА жаңалықтары

Министр соғыс ардагеріне теледидар тарту етті.

 

 

Сексеннің сеңгіріне шыққан Алексей Решетняк өзін әлі сергек сезінеді. Қимылы да ширақ. Мәртебелі қонақтар келетін болған соң Ұлы Отан соғысының ардагері өңірі медальға толы, тек айтулы күндері ғана алып шығатын костюмін киді. 65 жыл өтсе де, сонау қатерлі жылдар  қарт майдангердің әлі күнге дейін есінде. Ол он сегіз жасында елін жаудан қорғау үшін майданға аттанады. Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі дегендей, бірнеше рет жарақат алған жауынгер   туған жерге аман оралады.

Алексей Решетняк, соғыс ардагері:

 Мен соғыста үш рет жарақат алдым. Соңғы рет жараланғанда ауруханада жатқан кезімде анама мен қаза тапты деген қара қағаз жіберілген екен. Соғыста бұндай жағдайлар  көп болды ғой.

Қарт майдангер ел жаңалықтарынан хабардар. Республикадағы оң өзгерістерді баспасөз беттерінен оқып
, біліп отырады екен.  Елбасының биылғы Жолдауын да мұқият тыңдаған. Бұл құжатта еліміздің 2020 жылға дейінгі дамуы толық қамтылған, –  дейді ол.  Ақылбек Күрішбаев қарт майдангердің әңгімесін тыңдады. Алексей Решетняк ауыл шаруашылығы министрі тарапынан көрсетілген ілтипатқа дән риза. Өйткені ардагер саналы ғұмырын осы салаға арнапты. Соғыстан кейінгі жылдары тың көтеруге атсалысқан. Өз кезегінде Ақылбек Күрішбаев аға буынның жастарға үлгі екенін айтып, елде болып жатқан жаңалықтар туралы әңгімеледі.  Министр ардагерге  теледидар тарту етті.