Дархан Малғаждарұлы — жас депутат. 7-ші сайлау округінен сайланған. Мамлют ауданындағы Бике ауылдық округіне үш ауыл кіреді. Олар: Бике, Октябрь және Дачное. Халқының саны көп емес, небәрі 500. Алайда, депутат мәселе көлемі тұрғындардың санына байланысты емес дейді. Ауылда шешілмеген түйткіл көп. Халық қалаулысы өткен жылы — 18, биыл 7 қоғамдық қабылдау өткізіпті. Көтерілген мәселелердің дені қоныстанушыларға қатысты.