Мандат

Сан мен сапа: Жол картасының орындалуы

Қыруар қаржы төленген, ал тиісті жұмыс атқарылмаған. Уәлиханов ауданында хоккей кортын салуы тиіс мердігер 33,3 млн теңге аванс алып, тайып тұрған. Қазір оған қатысты қазір сот процесі жүріп жатыр. Шал ақын ауданындағы 6 ауылды сумен қамту жұмысы биыл жалғасын таба ма? Оған да қыруар қаржы қарастырылған. Өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 240 маманның 136-сы ғана келген. Неге жастар ауылға барып жұмыс істеуге құлықсыз? Облыстық мәслихат депутаты Мақсат Құдратуллаев «AMANAT» партиясы Жол картасының өңірде орындалу сапасына тоқталды. Сондай-ақ, Мақсат Мадярұлы ауылға кадр тарту және мердігерлердің жауапкершілігін арттыруға қатысты ұсынысын білдірді.