Мандат

Қоғамда экомәдениетті қалай қалыптастырамыз?

21-ші ғасырда қоқыспен күресіп әлекпіз. Жазда мыңдаған турист баратын Имантау-Шалқар курорттық аймағының өзінде қоқыстан аяқ алып жүргісіз. Қоғамда экомәдениетті қалай қалыптастырамыз, қоқыс сұрыптауды қашан үйренеміз? «Мандат» бағдарламасына келген Айыртау аудандық мәслихатының депутаты әрі әлеуметтік ұстаз Айгерім Омарова осы турасында ұсыныс-пікірімен бөлісті.