Мандат

Туризмдегі түйткіл

Айыртау аудандық мәслихатының депутаты Айгерім Омарова үш жыл бұрын Шалқар-Имантау курорттық аймағына қатысты шағым көп болатын дейді. Демалушылардың дені жолдың нашарлығына шағымданған. Өткен жылы Мәжіліс депутаттарының араласуымен Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарайтын Шалқар-Имантау курорттық аймағына қатысты түйткіл оң шешімін тауып, жол жөндеу ісіне қаржы бөлінген. Неге Шалқар-Имантау курорттық аймағында интернет сапасы нашар? Депутат «Мандат» бағдарламасында министрлікке жолдаған хат, демалыс орындарындағы баға мәселесі және кембағал жандардың да демалуына жағдай жасау мүмкіншілігі туралы айтты.