Мандат

Сәуле Аманжолова: «Уәдеге берікпін»

Аққайың ауданының депутаты Сәуле Аманжолова депутаттық мандатынан бас тартқан Мамадияр Байғұловтың орнына сайланды. Сәуле Шаяхметқызы — 3 кандидаттың ішінен ең көп дауыс жинаған үміткер. Оған округ сайлаушыларының 60 пайызы өз даусын берген. Депутат сайлауалды бағдарламасында Дайындық ауылындағы интернеттің нашарлығын көтерген. Мәселе биыл шешілетін болыпты.
Депутат әрі педагог Сәуле Шаяхметқызын өзі жетекшілік етіп отырған білім ұясындағы қазақ балаларының аздығы алаңдатады. 170 бала оқитын аралас Ленинское орта мектебінде бес сынып қана қазақтілді болып саналады. Бұл — небәрі 20 бала.