«Ауыл» партиясы облыстық филиалының мүшелері өңірде жастарды еңбекпен қамту мақсатында оқу орындарымен меморандум жасасып жатыр. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында арнайы бағдарлама әзірленіпті. Жуырда М.Қозыбаев атындағы СҚУ-мен тиісті келісім бекітілді. Жұмыс жалғасын табады. Ауылдықтар әлі өңір колледжерін аралайды. Жұмыс беруші тарап та кадрға зәру. «Ауыл жастары» ҚБ төрағасы Әлфараби Мыңбайдың айтуынша бұл жоба жастарды өз мамандығына сай еңбекпен қамтуға және ауылдағы кадр тапшылығын шешуге ықпал етеді. Осы ретте жастарға жұмыс беріп қана қоймай, олардың ауылда тұрақтап қалуы үшін тиісті жағдайлар жасалуы қажет дейді. Өңірдің еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс жайында Әлфараби Мыңбай «Мандат» бағдарламасында айтты.