Ақжар аудандық мәслихатының депутаты Нұрқасым Хасеновті шекараға жақын ауылдардағы халықтың үдере көшуі алаңдатады. Соның себебіне үңілген халық қалаулысы «Мандат» бағдарламасында біраз ұсынысымен бөлісті. Айтуынша, көшіп-қону бағдарламасына өзгеріс енгізіп, кейбір тұстарын жетілдіру қажет. Сонда сан ғана емес, сапа да болады деген пікірде. Нұрқасым Оразұлы жуырда Президенттің қатысуымен өткен мәслихат депутаттарының 2-ші республикалық форумына қатысып келген болатын. Депутат жиыннан алған әсерімен, түйген ойымен де бөлісті.