Ләззат Жалмұқанова — белсенді депутаттардың бірі. Бір жарым жыл бұрын сайлау барысында үш үміткердің арасынан ең көп дауыс жинап, «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан 18-ші округтің депутаты атанды. Бұл округке «Жас өркен» ықшам ауданындағы бірнеше көше қарайды. Ләззат Жұмағұлқызы «Депутаттың мақсаты — халықтың сенімін ақтау»,- дейді. Бұл іске халық қалаулысы асқан жауапкершілікпен қарайды. Жуырда партия атынан «Үздік депутат» медалімен марапатталды.