Sailau banner

Мандат

АЭС бізге қажет пе?

Бұл мәселе қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Қалалық мәслихат төрағасы Арман Бердағұлов — халықтық штаб мүшесі. Жуырда ол ұлттық ядролық орталық өкілдері бой көрсеткен жиынға қатысты. Білікті мамандармен сұрақ-жауап алысқан Арман Сағатұлының айтуынша, Чернобыль мен Фукусимадағы атом электр станцияларында екінші буын реакторлары болған. Елімізде референдум нәтижесінде АЭС салынатын болса, онда 3-3+ буын реакторлары орнатылмақ, яғни оның қауіпсіздігі екінші буынға қарағанда анағұрлым жоғары. Арман Бердағұлов АЭС құрылысына ниет білдірген 4 елдің өкілдері бірдей қатысса деген пікірін білдірді.