Мандат

Тасқыннан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғындарына «Бірліктен» үй бөлу мәселесі қаралып жатыр

Еркебұлан Мәмбетов: «Тасқыннан зардап шеккен Қызылжар ауданының тұрғындарына «Бірліктен» үй бөлу мәселесі қаралып жатыр». Бұл туралы Мәжіліс депутаты «Мандат» бағдарламасында айтты. Өңірдегі тасқыннан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарымен танысқан халық қалаулысы жаңа салынған үйлердің сапасы жайында да пікірін білдірді. Жалпы, Еркебұлан Нұрмағамбетұлы биыл 10 депутаттық сауал жолдапты. Соның біріншісі өңірді газбен қамтуға қатысты. Осы бағытта және теріскей тұрғындарына арнайы жәрдемақы тағайындау мәселесін шешуде алғажылжушылық бар ма? Депутат жауабы — «Мандат» бағдарламасында.