Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Цинь Ганмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Министрлер БҰҰ, ШЫҰ және басқалар сияқты көпжақты тетіктер шеңберінде өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Мұрат Нұртлеу сонымен қатар Шэньси провинциясы парткомының хатшысы Чжао Идемен көлік мәселелері бойынша ынтымақтастықты талқылау үшін кездесті
Сиань мен Астана арасында тікелей әуе қатынасының ашылғанын атап өтті.