Заң

Петропавлда жеңіл көлік жүргізушісі тапа-тал түсте адам соғып кетті

Петропавлда жеңіл көлік жүргізушісі тапа-тал түсте адам қағып кетті. Жаға ұстатарлық жағдай дәл қалалық полиция басқармасының алдында болды. Ер адам жаяу жүргіншілер жолағы арқылы Жұмабаев көшесінің келесі жағына өтпек болған. Сол сәтте оны жоғары жылдамдықпен жүйткіп келген автомобиль тізгініндегі нәзікжанды соққан. Соққының күштілігін шыр көбелек айналған зардап шегушіден аңғаруға болады.

НҰРЛАН ТҰРҒЫНОВ, Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі:
– “Алдын ала мәліметтерге сүйсенсек, Geely Coolray автомобилін 29 жастағы жүргізуші басқарған. Ол жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 58 жастағы ер адамды соқты. Салдарынан ол жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Оған қажетті көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда”.

Байболат Култанов