Заң

Жүк көліктерінің жүргізушілері тұрақты қоқыс алаңына айналдырып жіберген

Петропавлдағы Набережный көшесі бойындағы көлік тұрағы қоқыс алаңына айналып кеткен. Полицейлер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында рейд жұмысын өткізді. Нәтижесінде аумақты 2 жүк көлігінің жүргізушілері ластағаны анықталды. Оларға абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі бойынша ескерту жасалды және төңіректі тазалау міндеті қойылды. Сонымен қатар, бір заң бұзушылық Борки кентінде тіркелді. Мұнда жер учаскесінің иесі ескі құрылыстарды бұзғаннан кейін қалған қалдықтарды шығармаған. Оған қатысты бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Заңнамада мұндай әрекет үшін айыппұл қарастырылған.

 ҚАНАТ ЖҰМАБАЕВ, қалалық ПБ бөлім бастығының орынбасары:
– “Өңірде тазалық және абаттандыру шаралары жалғасуда. Жыл басынан бері облыс аумағында 14 мыңнан астам бұзушылық анықталды”.

Байболат Култанов