Конституцияда білім мен ғылымды дамытуға ерекше мән берілген. Бұл – елдің адами капиталын қалыптастырып, болашаққа нық қадам басуына негіз болатын маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде жоғары оқу орындарының алдында тек білімді маман даярлау емес, жастардың ғылыми ізденісіне жол ашып, алған тәлімін тәжірибемен ұштастыру міндеті тұр. Солтүстік Қазақстан университетінде де бұл жолда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, заң ғылымдарының кандидаты:
– “Университетте студенттердің тәжірибелік білімін арттыруға да басымдық берілген. Атап айтқанда, заң факультетінде арнайы аудитория ашу жоспарланып отыр. Бұл болашақ заңгерлердің прокуратура, сот және өзге де құқық қорғау органдарымен байланысын нығайтып, кәсіби машығын жетілдіруге мүмкіндік береді. Өйткені, сапалы білім мен тәжірибе қатар жүргенде ғана білікті маман қалыптасады”.
Улан Ыдырыс