Облыс орталығында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері азаматтық қоғам белсенділерімен жүздесіп, Президент Жолдауының басымдықтары мен өңірді дамыту болашағын талқылады. Басқосуда шағын және орта бизнесті қолдау шаралары, кәсіпкерлерді тексеруге қойылған үш жылдық мораторий және әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, ең төменгі жалақыны көтеру, әлеуметтік нысандар салу және инфрақұрылымды дамыту тақырыптары көтерілді.
Жиын білім беру, денсаулық сақтау салаларының, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен ашық диалог форматында өтті. Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қолдау, өмір сүрy сапасын жақсарту және қоғамдық келісімді нығайту мәселелеріне баса мән берілді.
Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының бастамаларын қоғам өкілдерімен кеңінен талқылауға және елді дамытудың басым бағыттары бойынша кері байланыс орнатуға жол ашады