Қоғам

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілерінің кездесуі өтті

Басқосуда ел бірлігін сақтау, этносаралық татулықты нығайту және қоғамдық ұйымдардың жұмысын жетілдіру мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, алдағы міндеттер жөнінде пікір білдірді.

Жиында этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы рөліне де ерекше мән берілді. Қатысушылардың айтуынша, түрлі этнос өкілдерінің ортақ мақсат жолында бірігуі – ел тұрақтылығының маңызды кепілі. Бұл бағытта жергілікті ұйымдардың бастамаларын қолдау және олардың өзара байланысын күшейту қажет.

РУФИНА УСАНОВА, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:
 – “Бүгін біз Солтүстік Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесіп отырмыз. Басты тақырып – Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттерді талқылау. Әсіресе, ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтауда этномәдени бірлестіктердің рөліне ерекше назар аударылады. Олар қоғамдық келісімді нығайтуға зор үлес қосып келеді. Сонымен қатар, алдағы жылға жоспарланған инфрақұрылымдық жобалар да сөз болды. Соның ішінде Көкшетау-Петропавл автожолын қайта жаңғырту өңірдің ғана емес, тұтас елдің экономикалық дамуына оң әсер етеді деп сенеміз”.

Кездесу қорытындысында қоғамдық келісімді нығайту, этномәдени бірлестіктердің жұмысын жандандыру және ортақ бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді