Қозыбаев университетінің позициясы Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингінде едәуір жоғарылады. Халықаралық QS Asia University Rankings 2027 зерттеуінің қорытындысы бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚУ Азияның жетекші оқу орындары арасында 536-орынға тұрақтады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 22 сатыға жоғары. Биыл бәсекелестік айтарлықтай күшейген. Рейтингке 1722 жоғары оқу орны қатысып, қатарға 196 жаңа университет қосылған. Орталық Азия елдерінен 100-ге жуық оқу орны бақ сынаса, Қазақстаннан 51 университет енді. Қозыбаев университеті Орталық Азияның үздік жоғары оқу орындарының арасында 33-ші орынға тұрақтады. Айта кету керек, өңірлік білім орадсында 8 мың студент білім алады. Оларға 500-ге жуық профессор-оқытушы құрамы тәлім береді.
Жаннур Бектурганова